Алматы облысында үш жасар бала балабақшада кәріз құдығына түсіп, көз жұмған
Алматы облысында үш жасар бала балабақшада кәріз құдығына түсіп, көз жұмды. Мұны Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

13 қыркүйек сағат 13:08 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылында үш жастағы бала балабақшаның бірінің аумағында ашық кәріз құдығына құлаған. Ол ауылдық ауруханада мерт болды.
“Аталған дерек ҚК 141-бабының 2-бөлігі “Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау” бойынша полицияда тіркелді.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын толық, объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ету үшін қажетті сараптамаларды тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізілуде”, – деп хабарлады ПД өкілі.
Тергеу барысын Әленов жеке бақылауына алғанын мәлімдеді. ҚР ҚІЖК-ның 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі