Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев соты: Алқабилерге Мальдив аралында соққыға жығылған Нүкенованың суреті көрсетілді

Әйелі Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Жәбірленуші тараптың адвокаты бұл іске марқұм мен оның ағасы Айтбек Амангелдінің арасындағы хат алмасуды қосуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Атап айтқанда, адвокаттар марқұмның ағасымен 2023 жылдың 20 наурызы мен 24 наурыз аралығындағы хат жазысуын іске қосу туралы ұсыныс жасады. Салтанат Айтбекке Мальдив аралдарына барған сапарындағы суреттерін жолдаған. Олар алқабилерге көрсетілді.

"Дене жарақаттарына назар аударыңыз. Соққы 2023 жылдың ақпан айында Мальдив аралдарында жасалған. Суреттерді Салтанат Нүкенова Айтбекке жіберген. Фотоларды біз басып шығардық, көптеген зақымдарды көрдік: бетінде, иығында, білегінде. Мальдив аралдарындағы демалыс кезінен сол жақ иығынан үлкен гематома бар", – деді адвокат.



Айта кетейік, бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша екінші сотталушы Бақытжан Байжанов елордалық сотта жауап беріп жатқаны туралы жазған едік. Бұрынғы сот отырыстарының бірінде Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың өзіне қысым көрсетіп жатқанын айтып, басқа орынға ауыстыруды сұраған еді. Прокурор Байжановтан сол кезде экс-министрдің не айтқанын сұрады. Бишімбаевтың айтуынша, "Бишімбаев "жедел жәрдемді бірге шақырдық" деп айт, айтпасаң сені де, балаларыңды да қарғаймын деген екен. 

Талқылау