Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының басшысы атанды
Белгілі гимнастшы Әлия Юсупова Қазақстан гимнастика федерациясының қызметіне қайта сайланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Алматыда Қазақстан гимнастика федерациясының есептік-сайлау конференциясы өтті. Оған Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы Әлімжан Ақаев қатысты.Конференция барысында федерацияның есепті кезеңдегі жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы уақытқа арналған даму жоспарлары мен стратегиялары талқыланды. Күн тәртібіндегі басты мәселе спорт ұйымының президентін сайлау болды. Конференция қатысушыларының бірауыздан қабылдаған шешімімен Әлия Юсупова федерация басшысы қызметіне төрт жылдық мерзімге қайта сайланды.
Айта кетейік, Әлия Юсупова 2021 жылы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті қызметіне келген еді.
"Қырғызстан өзі алға шығу үшін осылай жасады": Сарапшылар көшпенділер ойыны нәтижесіне қатысты пікір білдірді
Қырғызстан тарапы медаль есебін басқаша жүргізген
Қазақстандықтар 3600 орындық елордалық стадион мен "Бішкек Аренаның" қаражатын салыстырды
Стадион құрылысының құны – ҚҚС-ты қоса есептегенде 16,7 миллиард теңге

