Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлия Әнуарбек: Марқұм күйеуім болмағанда мен "Жаужүрек мың бала" фильміне түсіп танылмас едім

Әлия Әнуарбек көпке айтпаған сырын айтты. Актрисаның айтуынша, өнер әлеміне келуіне марқұм жолдасы себепкер болған. Оның қолдауымен "Жаужүрек мың бала" фильмінде басты рөлді сомдап, көпшілікке таныл бастаған. 

Әлия Әнуарбек желідегі парақшасында марқұм жолдасы жайлы бірнеше жазба жариялады. 

Айта кетейік, актрисаның күйеуі Азамат 17 қараша күні қаза болды. Марқұмның неден көз жұмғаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. 

"Өзім туралы айтар болсам, бұрыннан әнші не актриса болуды армандадым. Осы мамандықта оқығым келді. Мектептен соң актерлік бөлімге бардым. Финалға дейін бардым, бірақ өте алмадым. Ол жылы мен секілді көп үміткер болды. Мен халықаралық қатынастар мамандығын таңдап, ағылшын тілін меңгердім. Сол жылы күйеуіммен таныстым. "Алматы аруы - 2011" атандым. Мен Мәскеуге кетіп қалуым мүмкін еді.


Бәрін жасап үлгерді: Әлия Әнуарбек марқұм жолдасы жайлы жазба жариялап, елді жылатты


Егер мен Азаматты кездестірмегенде "Жаужүрек мың бала" фиьміне түспес едім. Алла бәрін білуші. Тағдырдың сыйын алу үшін, басқа нәрседе сағың сынуы мүмкін. Бұл Азаматқа да қатысты болуы мүмкін. Алла оны жаманнан сақтау үшін, жанын сақтаған шығар. Сол себепті біздің арамыздан алып кеткен шығар. Ұзақ өмірді бас тартып, оған мәңгілік жәннатты нәсіп еткісі келген шығар", - деп жазды актриса.

"Алла Тағала мейіріміне бөлесін. Азаматыңның артында қалған балапандарың аман болсын, Әлияш. Балаларыңның бақыты үшін берік бол, балапан", - деп жазды Сәкен Майғазиев. 

Талқылау