Алып айсберг гренландиялық ауыл тұрғындарының зәресін алды

Фото: nypost.com
Гренландияның батыс жағалауындағы Иннаарсуит атты шағын ауылдың тұрғындары таңертең алып айсбергті көрген. Екіге қақ жарылған мұзтас ауылдағы өңдеу зауыты мен азық-түлік дүкенінен бірнеше метр жерде суда қалқып тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Айсбергтің биіктігі – 100 метрден асады, ал салмағы мамандардың бағалауынша 11 миллион тоннаға жетеді.
Алып мұзтасты тұрғындар алғаш рет бір апта бұрын байқаған, кейін ағыс оны алыстатып жіберген. Алайда осы аптаның басында ол қайта оралды. Қазір қозғалыссыз тұр. Жергілікті билік төтенше жағдай режимін енгізіп, ауылдың бір бөлігін эвакуациялап, тұрғындарды сақ болуға шақырды. Егер айсберг құлап кетсе немесе бөліне бастаса, ауыл алып толқындардың астында қалуы мүмкін.
Мұндай жағдай алғаш рет болып тұрған жоқ. 2018 жылы да ауылға алып мұзтас жақындаған еді. Ол кезде де адамдар эвакуацияланған, бірақ ешқандай төтенше жағдай болмады, айсберг ақырындап алыстап кеткен.
Қазақстандық көршісін үйіне іздеп барып, оны өлі күйінде тапқан: Ақыр соңында қылмыстағы басты күдіктіге айналды
Азиза Омарованың айтуынша, әкесіне көрсетілген зорлық үшін ол Нагарин ауданында да, кейін қалада да арыз жазған
"Фонограммасыз ән айтуға біздегі аппаратура жарамайды": Қазақстандық әншілер жаңа заңға қатысты ойларын айтты
Әншілер пікір білдірді