Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен": Дана Нұржігіт Владимир Рерихтен кешірім сұрады

Кеше танымал тележурналист, медиаменеджер Владимир Рерих 66 жасында дүние салды. Марқұмның бұрынғы жұбайы Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялап, ұлының әкесінен кешірім сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Владимир Рерих 1996-2003 жылдар аралығында "Хабар" агенттігінде қызмет атқарып, ұйымның қалыптасып, дамуына көп үлес қосты.

"Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…

1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық. Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме, ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керек екеніме зор ықпал еттің, ақылшым. Сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің биік өлшемі болдың. Парасатың, білімің, шешендік өнерің, зиялылығың ерекше еді. Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ, қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген, Володя! 

“Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой… Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жәннаттан рахат тапсын! Кешір мені!" - деп жазды Дана.

Владимир Рерих 1958 жылы 1 қаңтарда Талдықорғанда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін, "Әділет" жоғары заң мектебін бітірген.

1996 жылы "Хабар" агенттігінде жұмыс істей бастады, оның қызметі бағдарлама директорынан бас директорға дейін өсті.

Көрермен оны "Хабар" телеарнасындағы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың жүргізушісі ретінде таниды. Сонымен қатар "Майдан", "Не істеу керек?", "Тұлға формуласы" ток-шоуларын жүргізіп, деректі фильмдер түсірді.

2006-2012 жылдар аралығында Еуразиялық медиа форумның бас продюсері болды. Ал 2012 жылы Германияға көшіп кеткен.

Талқылау