Алимент төлеуден жалтарғысы келген Түркістан облысының тұрғыны алаяқтың құрбаны болды
Түркістан облысында ер адам баласына алимент төлеуден жалтарамын деп алаяқтың құрбаны болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленушінің айтуынша, 2021 жылдың тамыз айында оны белгісіз ер адам алдап кеткен. Өзін сот орындаушысы ретінде таныстырып, алимент төлеу туралы шешімнің күшін жоюға уәде беріп, қызметі үшін 300 000 теңге сұраған.
"Біраз уақыт өтсе де, жәбірленуші уәде етілген “қызметті” ала алмаған, ақшасы да кері қайтарылмаған. Полицейлер бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша ТЖК-ға тіркеді. Қазығұрт аудандық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады, ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында алаяқтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды", – делінген полиция мәлімдемесінде.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді