Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлібиге әділдік берсін: Қазақстандық әншілер 10 жылға сотталған лагерь тәрбиешісін жақтап шықты

Өнер жұлдыздары Ақтөбеде 10 жылға сотталып кеткен лагерь тәрбиешісін жақтап шықты. Бұған дейін біраз әнші Әлібиге қолдау білдірген еді. Бұған қатысты Айгүл Иманбаева мен Алтынай Жорабаева үн қосты. 

Ақтөбеде лагерь тәрбиешісі болып кірген студент жігіт 10 жыл бас бостандығынан айырылды. Ата-аналар тарапынан арыз түсіп, Әліби балаларды азғындады деп айыпталды. Алайда Әлібидің адвокаты мұны балалардың қиялынан туған, қатал тәртіпке бағынғысы келмегеннен ушыққан іс деп отыр. Танымал тұлғалар, оның ішінде Света Айтбаев, Меруерт Өтекешова, Айгүл Иманбаева, Алтынай Жорабаева, журналист Бибігүл Дәулетбек Әлібиді қолдап шықты. Әлібидің кінәсіздігін айтып, Қазақстан президентінен көмек сұраған еді. Ал, Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова Әлібидің өз шәкірті екенін, мұндай арамдыққа бармайтын адал жігіт екенін айтып ақтады. 

"Әлібидің әділ екенін сеземін. 10 жылға сотталып жатқанда менің де ана жүрегім тыныш отыра алмады. Үміт үзілмейді, Әліби ақталады деп ойлаймын. Әліби, мойыма, сені қолдаушылар көп, жалғыз емессің. Біз сенімен біргеміз", - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Әлібиді қолдаған Алтынай Жорабаева желіде пікірін айтты.

"Құрметті оқырмандарым, жақында Әліби туралы Бибігүл Дәулетбектің парақшасынан оқып қалдым. Әліби Меруерт Өтекешованың шеберхасының студенті. Топ старостасы. Ол туралы танысының бәрі жақсы пікірде. Лагерьге барған 4-5 күннің ішінде осындай жағдайға тап болған. Ол қолдауға зәру. Жазықсыз сотталып отыр. Жақында Ақтөбеде аппеляциялық сот өтеді. Соған бәріміздің қолдауымыз керек. Үн қосайық. Әлібидің орнында бәріміз болуымыз мүмкін. Әріптестерім, сіздер де қолдау білдірсеңіздер екен", - деді әнші.

 

Талқылау