"Алғысты соттан кейін айтасыз": Салтанаттың ағасы Бишімбаевтың анасына шүйлікті
Бүгін соттағы жарыссөз кезінде Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сөзді Бишімбаевтың анасы мен оның қоғамдық қорғаушысы Альмира Нұрлыбековаға қарата сөйледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ашық дереккөздерден
Амангелді Альмира Нұрлыбекованың сөзінен кейін оның өзін "жоғары санайтынын" айтты.
"Егер Бишімбаевтың анасы өзін және бүкіл отбасын сарапшылардан және басқалардан жоғары деп санаса, сол кеште Салтанат мас болды ма, жоқ па олар жақсы білуі керек қой. Ол өзін заңнан, сарапшыдан және басқалардан жоғары санайды. Оның осы уақытқа дейін Салтанатты қаралап келгені мені таңғалдырады. Онымен қоймай бізге алғыс білдіреді. Алғыс айтудың қажеті жоқ. Алғысты соттан кейін айтасыз", – деді Амангелді.
Айта кетейік, бұған дейін Бишімбаевтың адвокаты сотталушыны өмір бойына соттау әділ емес екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ бүгінгі сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаты Дамир Ишмаметов сотталушы Бақытжан Байжановтың сөздеріне қарсылық білдірді.