"Алғашқы жөргекпұлына ауызашар бердік": Алтынай Жорабаева қызын медресеге алып барды
Жақында бесінші мәрте ана атанған Алтынай Жорабаева қызын қырқынан шығарып, медресеге қыдырып барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/
Өнер иесі қызының алғашқы жөргекпұлына медреседегі қари балаларға ауызашар берген.
“Аминамыздың мемлекеттен түскен ақшасына ауызашар бердік. Шағбан айында ауыз бекіткен хафиз, қари шәкірттерді қуантық”, – деп жазды әнші.
Медреседегі ұстаздар алғыс айтып, ниет қабыл болсын деген тілек жаудырып жатыр.
“Қызымыз қырқынан шығып, медресеге келіп жатыр. Қатты қуанып қалдық. Осы жерде діни білім алып жатқан қари балаларға ауызашар үлестірді. Алғашқы қадамы қасиетті мекеннен басталып жатыр. Елінің үлгі тұтар азаматшасы болсын!”, – деді медресе ұстазы.
Одан кейін әнші қызын алып, төркініне ұшатынын жеткізді. Қызы алғаш рет ұшаққа мініп, нағашыларына қыдырып бара жатқан көрінеді.
“Қызымыз нағашыларына шықты. Әкесі қатты уайымдап жатыр. “Жауратып алмаңдар! Әңгіме айтып отырып, біржерде қалдырып кетпеңдер” деп тапсырып жатыр. Енді олай етпейтін шығармыз. Жол болсын!”, – деп әзілдеді өнер иесі.
https://www.instagram.com/altynaizhorabayeva/
Еске салайық, өнер иесі қызының қырқынан шығаруына ешкімді шақырмағанын айтты.