"Алғашқы он күнде жаңбыр жауады": Синоптиктер қазан айына арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет қазан айы үшін ауа райын болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Қазанның басында републиканың көп бөлігінде жаңбыр жауады. Алғашқы он күндікте 15-25 м/с-ге дейін жел күшейеді. Еліміздің солтүстік жартысында, шығыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнгі уақытта жаңбыр қар аралас жаңбырға ауысуы мүмкін. Кей күндері антициклонның әсерінен жауын-шашын тоқтайды.
“Бірінші онкүндіктің басында ауа температурасы төмендейді. Батыста түнде +3+12°С-тан -3+5°С-қа дейін, күндіз +18+27°С-тан +13+22°С-қа дейін, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста түнде 0,+8°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +5+13°С-қа дейін болады”, – деп мәлімдеді синоптиктер.
Қалған 20 күнде оңтүстік-батыста, оңтүстікте түнде +10+18°С-тан +7+15°С-қа дейін, күндіз +23+28°С-тан +20+25°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста түнде +5+13°С-тан +10+15°С-қа дейін, күндіз +20+25°С-тан +15+20°С-қа дейін болады.
Екінші онкүндікте қайтадан күн жылиды, солтүстік бөлігінде ауа температурасы +10+18°С-қа дейін, ал оңтүстік және батыс бөлігінде +20+28°С-қа дейін жылиды.
Айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде елдің солтүстік жартысында ауа райы тұрақсыз болады деген болжам бар. Жаңбыр, қар аралас жаңбыр, екпінді жел, көктайғақ және тұман болжанды. Республиканың оңтүстік жартысында ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады.
Ауа температурасы ауытқып, батыс аймақтарда түнде -2+6°С-тан 0,-8°С күндіз +13+23°С-тан +3+12°С болады. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында түнде +3+10°С-тан -1-10°С-қа дейін, күндіз +10+20°С-тан -2+5°С-қа дейін, оңтүстікте, оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыста түнде +3+11°С-тан -1-6°С-қа дейін, күндіз +18+25°С-тан +8+18°С-қа дейін жетеді.