Әлеуметтік желілерде сайлау учаскесіне бір топ көкпаршы келгені түсірілген видео тарады
Әлеуметтік желілерде сайлау учаскесіне бір топ көкпар ойыншылары келіп дауыс бергені түсірілген видео таралып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео Instagram-да жарияланды. Кадрдан көкпаршылардың сайлау учаскесіне атпен келгенін көруге болады.
"Әлеуметтік желілерде сайлау учаскесіне бір топ көкпар ойыншылары келіп дауыс бергендігін жариялады. Көкпаршылар азаматтық белсенділіктерін ойын барысынан кейін де ұмытпады. Әлеуметтік желілер көкпаршылардың сайлау учаскесіне келуін де жариялап үлгерді. Бүгін көкпар ойыншылары дауыс бере, өз таңдауын жасады", - деп жазды Instagram-дағы "Қазақпыз ғой" парақшасы.
"Біз ат спорты кәсіподағының атынан бүгінгі сайлауға осындай ерекше, дәстүрлі түрде келдік. Барлық қазақстандыққа сәлем жолдаймыз! Еліміздің өркендеуі үшін сайлауға қатысыңыздар", - дейді көкпар ойыншысы.
Айта кетейік, видеоның қай өңірде түсірілгені белгісіз.
Талқылау

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
Сарапшы Олжас Байділдиновтің айтуынша, қазіргі субсидиялау жүйесі тиімсіз

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі