Әлеуметтік желіде танымал әнші Jah Khalib-тің мешіт тазалап жүрген видеосы тарады
Jah Khalib лақап атымен танымал әнші Бақтияр Мамедовті тыңдарманы мешіт тазалап жүргенін көріп қалып, видеосын әлеуметтік желіге жүктеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

©instagram.com/jahkhalib
Желі қолданушысы бейнежазбаның астына: “Жұмаға ерте барып, барлық жерді жинап тастадық” деп жазба қалдырған. Видеода қолына шаңсорғыш ұстаған Jah Khalib мешіттің еденін тазалап жүр. Одан бөлек тыңдарманы өнер иесімен бірге түскен суреттерін жариялады.
Әншінің қарапайымдылығы көпшілікті тәнті етті.
“Jah Khalib екенін бірден білдім”, “Сөз жоқ, ризамын”, “Неткен қарапайымылық”, – деп жарыса жазды желідегілер.
Оқырмандардың айтуынша, әнші Әл-Хамид мешітінде жиі төбе көрсететін көрінеді.
Алматылықтар үй сыртындағы "тарихи тақталарды" алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"