Пансионат қызметкері қарттарды ұрып-соғып, азаптаған: Павлодарда атышулы іске қатысты үкім шықты
Ақсу қаласындағы “Қамқор” әлеуметтік орталығында қарттарға қатыгездік көрсеткен қызметкерге қатысты үкім шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин
Бұл туралы Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қарттар үйіндегі бейнекамераларда түсірілген жазбаларда жантүршігерлік кадрлар бейнеленген. Мекеме қызметкері екі қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, оларға зорлық-зомбылық көрсеткен.
Іске қатысты үкім шыққаны белгілі болды.
"Жасалған әрекеттердің ауырлығы мен оның салдарын ескере отырып, сот айыпталушыны кінәлі деп танып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деп хабарлады Павлодар облысының прокуратурасы.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде