Павлодарда пансионат қызметкерлері қарттарды сырт киімсіз аулада ұстап, ұрып-соғып азаптап келген (видео)
Ақсу қаласының прокуратурасы бақылау жұмыстары кезінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын пансионаттардың бірінде тағы да қарттарды азаптау фактісін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Қарттар үйіндегі бейнекамераларда түсірілген жазбаларда жантүршігерлік кадрлар бейнеленген. Мекеме қызметкерлері екі қарияны ұзақ уақыт бойы қорлап, оларға зорлық-зомбылық көрсеткен.
Зәбір көрген қарттың бірінің жасы – 84-те. Пансионат қызметкерлері оларды үнемі ұрып-соғып, қолдарын бұрап, қыстың суығында сырт киімсіз аулада ұстаған.
“Осы факті бойынша Ақсу қаласының прокуратурасы қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір барлық кінәлі адамдар анықталды”, – деп мәлімдеді ведомство.
Бұған дейін Алматы метросындағы төбелес видеоға түсіп қалған еді.
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан
Қазақстандық модель "Америкалық қорқынышты оқиғалар" сериалының постеріне қалай түскенін айтты
Түсірілім АҚШ-тың Бруклин ауданындағы Warehouse Studio студиясында өткен