Әлемнің ең үздік тұжырымының экс-чемпионымен жұдырықтасқан қазақстандық спортшы жеңіске жетті
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Артем Резников әлемнің ең үздік тұжырымдарының бірі саналатын АСА лигасының экс-чемпионымен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:АСА
"Спартак" лақап атымен танылған спортшы әлемдік рейтингте 2-орында тұрған АСА тұжырымында кезекті жекпе-жегін өткізіп, тұжырымының экс-чемпионын ұтты. Сочи қаласында өтіп жатқан АСА 177 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде жұдырықтасқан отандасымыз тұжырымның бұрынғы уақытша чемпионы Мухаммед Коковты төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша ұтты. Осылайша кейінгі екі кездесуінде жеңіліп қалған Резников қайтадан жеңіс жолына шықты.
Айта кетейік, Резников жеңісінен кейін байырғы қарсыласы Юсуф Раисовты жекпе-жекке шақырып, реванш беретінін мәлімдеді. Отандасымыз 2020 жылы лиганың “жұлдызды” спортшысы саналатын шешенстандық Раисовты жеңген еді.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді

