Әлемге танымал футбол инсайдері "Қазақстан" шоколадын алмай қойды (видео)
Танымал футбол инсайдері Фабрицио Романо отандық блогер Аликодан “Қазақстан” шоколадын алмай қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық блогер италиялық спорт журналистіне сыйлыққа еліміздің танымал бренді “Қазақстан” шоколадын бергісі келген еді. Алайда Фабрицио өзінің тәтті жемейтінін айтып, шоколадты алудан бас тартты.
Әлеуметтік желілерде дәл осы видео көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Миллиондаған қаралым жинап, видео астындағы пікірлер саны бірнеше мыңнан асты.
@alimbaev11 ♬ оригинальный звук - azeken17
Фабрицио Романо – италиялық спорт журналисі. Sky Sport Italy телеарналар желісінің тілшісі әлемге футбол жаңалықтарындағы инсайдтарымен танымал. “90 min” футбол порталы журналисті спорттағы “ең сенімді инсайдер” деп атаған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

