Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемге әйгілі Пенелопа Крус қазақстандық актрисаның көйлегіне таңдай қаққан

Биыл Францияда өткен Канн фестиваліне қатысқан қазақстандық әртістер Голливуд жұлдыздарымен қатар Қызыл кілемнің үстімен жүріп өтті. Димаш Құдайберген, Санжар Мәди мен Құралай Анарбековалар шетелдік әртістермен “терезесі” тең дәрежеде фотографтардың алдында өздерін көрсетті. Ал Динара Бақтыбаеваның кеште киген көйлегіне әйгілі испан актрисасы Пелелопа Крустың өзі таңдай қаққан.

Әлемге әйгілі Пенелопа Крус қазақстандық актрисаның көйлегіне таңданған

Бұл туралы актриса Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Кеше Канн кинофестивалінде Қызыл кілемнің үстімен жүріп өту бақыты бұйырды. Бұл – өте үлкен шара. Қазақстанның ең талантты режиссерлерінің бірі Әділхан Ержановтің “Ласковое безраличие мира” фильмі арқылы осындай мүмкіндікке ие болғаныма шын жүректен қуаныштымын. 17 мамыр күні фильм тұсаукесері Канныда өтеді.

Динара Бақтыбаева

Айтпақшы, бұл кешке мен өзім жиналдым. Моралдық жағынан қолдау көрсетіп, жедел түрде визаж курсынан өткізген Айжан Бекасылға алғысым шексіз. Ал көйлегіме келсек, әлдебіреу бұл – Қызыл кілемдегі ең әдемі көйлек деп баға берді. Адамдар менің жаныма келіп, суретке түсуге асықты. Ең бастысы – Пенелопа Крустың өзі: “Көйлегің әдемі екен”, – деп жылы лебізі білдірді. Бақыттан басым айналып тұр. Барлығына біздің дизайнер тіккен деп мақтанышпен айттым”, – дейді Динара Бақтыбаева.

Тағы оқыңыз: 

Сиви Махмуди жуырда құрған тобын елге көрсетпей жатып таратып жіберді

Үйде отыр дейді: Аша күйеуі Арманның талабын неге орындамай жүр

Бүкіл әлем қарсы тұрса да: “Меломен” тобы Ninety one мен Байзақовадан кешірім сұрамайтындарын айтты

Аша Матай “Қалаулымның” мерекелік күнгі эфирінде ұятқа қалды (видео)

Талқылау