Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингі жарияланды

Forbes басылымы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингін жариялады. Тізімді алғаш рет "Барселона" командасы бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Каталониялық клубтың құны 4,76 миллиард долларды құраған. Ал кейінгі 16 жылда тізгінді бермеген "Реал" командасы 4,75 миллиард долларға бағаланып, екінші орынға жайғасты. Қымбат клубтардың үштігін немістің  "Бавариясы" (4,215 миллиард доллар) түйіндеді. 

Бұдан бөлек алғашқы ондыққа Англияның бес және Францияның бір клубы енді. 

Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат 20 клуб:

1. "Барселона" (Испания) - 4,76 миллиард доллар.
2. "Реал" (Испания) - 4,7 млрд.
3. "Бавария" (Германия) - 4,21 млрд.
4. "Манчестер Юнайтед" (Англия) - 4,2 млрд.
5. "Ливерпуль" (Англия) - 4,1 млрд.
6. "Манчестер Сити" (Англия) - 4 млрд.
7. "Челси" (Англия) - 3,2 млрд.
8. "Арсенал" (Англия) - 2,8 млрд.
9. ПСЖ (Франция) - 2,5 млрд.
10. "Тоттенхэм" (Англия) - 2,3 млрд.
11. "Ювентус" (Италия) - 1,95 млрд.
12. "Боруссия" Дортмунд (Германия) - 1,9 млрд.
13. "Атлетико" Мадрид (Испания) - 1 млрд.
14. "Интер" (Италия) - 743 миллион.
15. "Эвертон" (Англия) - 658 млн.
16. "Милан" (Италия) - 559 млн.
17. "Рома" (Италия) - 548 млн.
18. "Вест Хэм"(Англия) - 508 млн.
19. "Лестер" (Англия) - 455 млн.
20. "Аякс" (Нидерланды) - 413 млн.

Талқылау