Әлемдегі ең қарт марафоншы 114 жасында қайтыс болды
Фото: BILD на русском
Үндістанда әлемдегі ең қарт марафоншы Фауджа Сингх 114 жасында қайтыс болды. Қайғылы оқиға 13 шілдеде Пенджаб штатындағы Биас ауылында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BILD Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Биограф Хушвант Сингхтің айтуынша, оны жолдан өтіп бара жатқанда белгісіз көлік қағып кеткен.
“Жатқан жерің жайлы болсын, қымбатты Фауджа", – деп жазды Хушвант Сингх.
Сингх ұзақ уақыттан бері жаттығып келе жатқан Лондондағы Sikhs In The City жүгіру клубы қайғылы жаңалықты растады.
Фауджа Сингх жүгіруді әйелі қайтыс болған соң 89 жасында бастаған. Оның ең әйгілі марафоны 2011 жылы Торонтода болды. Ол жерде қария 42 шақырымды 8,5 сағатта жүріп өтіп, 100 жасында марафонды аяқтаған алғашқы адам ретінде танылды. Сингхтің туу туралы ресми куәлігі болмаған соң рекорд Гиннестің рекордтар кітабына енбеген.
Айта кетейік, бұған дейін Жапонияда әлемдегі ең қарт адам 116 жасында қайтыс болғанын хабарлаған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген