"Әлемдегі ең кәрі автобус жүргізушісі": Гиннестің рекордтар кітабына енген 94 жастағы қария мектеп оқушыларын тасымалдайды
Әлемдегі ең кәрі автобус жүргізушісі белгілі болды. 94 жастағы америкалық қария Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Eyewitness News порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Eyewitness News кадрларынан
Миннесота штатындағы Джим Оппегард қазіргі уақытта Оппегард ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған мектеп көлігін басқарады. Компания әкімшілігі қариның үлгілі қызметкердің бейнесі екенін айтты.
Ер адам 65 жасында зейнеткерлікке шыққанға дейін 20 жыл қалалық автобусты басқарған. Алайда зейнетте бос отыру оған ұнамаған.
Джим Оппегард ешқашан жұмысқа кешікпеген. Тіпті ауру демалысына шықпаған. Сонымен қатар көлікті өте ұқыптылықпен сақтықпен жүргізеді.
Ер адам өзінің егде жаста да шымыр болып қалуына күнделікті 45 минуттық жаттығудың көмектесетінін алға тартты.
"Рекордқа ену өте жақсы жетістік. Мен тұратын жерімде, шіркеуде және отбасымның арасында біраз атақтымын", - деп мойындады ол.
"Жай мектепке қабылдамайды": Алматыда 200-ден астам ерекше бала тегін оқу мүмкіндігінен айырылу алдында тұр
Жиналыста ата-аналар мен басшылық арасында үлкен дау туындады
Қазақстандық әйел дәрігерлерді жүктілігін анықтай алмай, жатыр түтігін жарып алды деп айыптады
Әйел басқа ауруханаға барғанда ғана бастапқы дәрігерлердің диагнозды қате қойғанын білген