Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әлемдегі ең бай адамның бірі қайтыс болды

Бүгін Америкалық миллиардер, қоғам қайраткері Дэвид Кох 79 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеп.

"Біз өз қаһарманымыздың жоғалғанын жоқтап қайғырамыз, бірақ оның әйгілі күлкісі, шыдамсыз қызығушылығы мен нәзік жүрегі есімізде", - деді Кох отбасы. Өлімнің себебі айтылмады.

Дэвид Кох өзінің ағасы Чарльзбен бірге Forbes тізімінде әлемдегі ең бай адамдардың арасында 11-орынға тұрақтаған. Ағайындылар сонымен қатар Bloomberg жасаған әлемдегі ең бай отбасылар рейтингінде үшінші орынға ие болған еді. Олардың жалпы байлығы 125 миллиард долларға бағаланды.

Бауырластар үшін басты байлық - әкесі Фред Кох құрған Koch Industries холдингі. 2018 жылдың маусымында Дэвид Кох денсаулығына байланысты компанияның вице-президенті қызметінен кеткен.

Миллиардер саяси өмірге белсенді қатысумен және қайырымдылықты жақсы көрумен танымал. Дэвид Кох өмір бойы қайырымдылыққа 1,3 миллиард доллардан астам қаражат бергені белгілі.

Талқылау