Әлемдегі байлардың кесірінен адамзатқа қауіп төніп тұр
Әлемдегі ең бай адамдар (63 миллион адам) парниктік газдарды ең кедей адамдардың 50 пайызына қарағанда екі есе көп шығарылуына себеп болды. Бұл Oxfam қайырымдылық ұйымының зерттеуінде жазылған.

Байлар адамзатқа климаттық апатқа қауіп төндіретін көптеген тауарлар мен қызметтерді тұтынады. Адамдардың ең бай 10 пайызы 1990-2015 жылдар аралығында барлық зиянды шығарындылардың жартысынан көбін (52 пайызы) шығарған. Oxfam климаттық саясат бөлімінің басшысы Тим Гордың айтуынша, шамадан тыс тұтыну климаттық дағдарысты ушықтырады, ал кедейлер мен жастар бұл үшін ақша төлейді.
Баяндамада жеке ұшақтар, спорттық автомобильдер және жол талғамайтын көліктер сияқты жоғары шығарындылар көздеріне салықты көтеру ұсыналады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған