Әлемде коронавирусты жеңген алғашқы ел анықталды
Мавритания COVID-19-ды жеңгенін жариялаған әлемдегі алғашқы мемлекет болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, соңғы күндері бірде-бір өлім оқиғасы болған жоқ, сонымен қатар, коронавирусқа тестілер жұқтырғандарды анықтамады.
Жалпы, Мавританияда індет кезінде 17 адам ауырып, біреуі ғана көз жұмған.
Аурудың алғашқы жағдайы анықталғаннан кейін 13 наурызда шекаралар жабылды, жиналыстарға тыйым салынды, мектептер, мейрамханалар мен базарлар жабылды. Билік түнгі коменданттық сағат жариялады және қалааралық тасымалдауға тыйым салды.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?