Әлемде COVID-19 ауруының көрсеткіші 52%-ға өсті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус әлеуметтік желіде дүние жүзінде COVID-19 жағдайлары көбейгенін және бетперде мен вакцинациялауды жалғастыру керек екенін айтып дабыл қақты. Бұл туралы мәлімдеді Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде COVID-19 ауруының 28 күн ішінде 52%-ға өскенін хабарлады. Барлығы 850 мыңнан астам адам коронавируспен ауырған.
“Инфекция қаупін азайту үшін бетперделерді пайдалануды, бөлмелерді желдетуді және қашықтықты сақтауды жалғастыру керек. Сондай-ақ өзіңіз бен жақындарыңыздың COVID-19 және тұмауға қарсы вакцинацияланғанына көз жеткізіңіз ", – деп жазды Гебрейесус.
Оның айтуынша, әлемде коронавирус пен тұмаумен сырқаттанушылар саны артып келеді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"