Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Белградтағы бәсекеде бақ сынайды
Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай Сербияның астанасы Белград қаласында өтетін "Белград жеңімпазы" атты халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ
Санжар Тәшкенбай Болгариядағы байрақты бәсеке "Странджа кубогіндегі" сәтсіздігінен кейін Белградтағы "Белград жеңімпазы" халықаралық турнирінде бағын сынайды. 12-18 наурыз аралағында өтетін жарыста отандасымыз тағы да 51 келіде өнер көрсетеді. "Странджа кубогінің" финалындағы олқылықтың орнын осы додада толтыруды көздеген боксшы Ұлттық құрамамен бірге оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Айта кетейік, Санжар Тәшкенбай осыдан бір ай бұрын "Странджа кубогігінің" финалына шығып, алтын жүлде үшін айқаста үндістандық боксшыға есе жіберген еді.
Алматылықтарға жер сілкінісінен қорғайтын арнайы "қауіпсіздік торы" ұсынылды
Құрылғының көлемі шамамен лифт кабинасындай болады және оған бір отбасы сыя алады
Топ чемпионатта ойнағым келеді, ал білім мен спортты қатар алып жүру маңызды қағидам — Әділет Садыбеков
Әділет Садыбеков – Чемпиондар лигасында гол соққан үшінші қазақ футболшысы

