Әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов Алматыда өтетін бокс кешінде жекпе-жекке шығады
2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов (6-0, 2 KO) Алматы қаласында өтетін "Чемпиондар түні IBА" бокс кешінде өнер көрсетеді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қаласында бокстан "Чемпиондар түні IBА" халықаралық кәсіпқой бокс кеші өтеді. 27 сәуір болатын бокс кешінде әлем чемпионы Бекзат Нұрдаулетов өзінің екінші жекпе-жегін өткізеді. 80 келі салмақта сынға түсетін былғары қолғап шеберінің қарсыласы әлі белгісіз. "Adal Promotions" промоутерлік компаниясының боксшысы 8 раундтық кездесу өткізеді.
Айта кетейік, Бекзат Нұрдаулетов (6-0, 2 KO) Астана қаласында өткен "Чемпиондар түні IBА" - "Astana Arlans" турнирінде жұдырықтасып, жеңіліп көрмеген ресейлік Никита Зонды (7-1-1, КО 5) ұтқан еді.
"Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын": Қазақстандық панажай иелері далада қалған жануарларды қалай асырайды
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты
Қазақстандағы терминал иелері букмекерлік төлем жасауға тыйым салынған соң табысынан айырылды
Елде 25 мың терминал бар, оның 70%-ы ауылдық жерлерде

