Әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы адам өлтірді деген күдікке ілінді
NBA нұсқасы бойынша 61 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Аслан Мұқанов адам өлтірді деген күдікпен тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі SPORTINFORM САА-ға сілтеме жасап.

31 жастағы боксшы наурыз айында венесуэлалық Стивен Монтерросты жекпе -жектің алғашқы раундында нокаутқа жіберіп, National Boxing Association нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған еді. Бұл оның кәсіби рингтегі алтыншы жеңісі болды. Мұқанов бір жарым жыл бойы Колумбияда жаттықты.
Алайда боксшы туған өңіріне қайтып келген. Күні кеше Қостанай облысының Алтын дала аулында 1987 жылғы Серік Пішенбаевтың мүрдесі табылды.
102 пультіне белгісіз әйелден қоңырау түскен. Оның сөзінше, көз жұмған ер адам әпкесінің үйіне бару үшін ауылға кеткен. Алайда оны пышақтап өлтіріпті. Оның өліміне боксшы Аслан Мұқанов күдіктелген.

Артынша полиция боксшыны тұтқындады.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген