Әлем чемпионатындағы сыйақы мөлшері: Испания 50 миллион доллар табыс тапты
2026 жылы АҚШ, Канада және Мексикада өткен футболдан әлем чемпионаты турнирге қатысқан барлық құрамаларға төленген жүлде қоры бойынша тарихтағы ең рекордтық дода болды. Испания құрамасы турнирден соң жалпы 53,5 миллион доллар табыс тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Турнирдің финалдық кезеңіне қатысқан 48 ұлттық құрама арасында жалпы 727 миллион доллар бөлінді. FIFA мәліметінше, жүлде қоры бұрынғы әлем чемпионатымен салыстырғанда 50 пайызға ұлғайтылды.
Жүлде қоры екі бөлікке бөлінді:
- 655 миллион доллар – турнирдегі нәтижелер үшін берілетін сыйақы;
- 72 миллион доллар – әлем чемпионатын өткізуге байланысты ұйымдастыру шығындарын өтеуге арналған қаражат.
Әрбір 48 құрамаға бұл мақсатқа 1,5 миллион доллардан тең мөлшерде бөлінді.
Жүлде қаржысы мынадай тәртіппен үлестірілді:
Әлем чемпионы – 50 миллион доллар;
Финалист (вице-чемпион) – 33 миллион доллар;
3-орын – 29 миллион доллар;
4-орын – 27 миллион доллар;
5-8-орындар – 19 миллион доллар;
9-16-орындар – 15 миллион доллар;
17-32-орындар – 11 миллион доллар;
33-48-орындар – 9 миллион доллар.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?
