Алексей Цой Дүниежүзілік банктің Қазақстанға бөлген қаражаттың қайда кеткенін айтты
ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік банктен алынған қарыздың қайда жұмсалғанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Дүниежүзлік банктің бағдарламасы бойынша ҚР денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күреске 21,8 миллион доллар (9,3 миллиард теңге) бөлінді. Бағдарламаның көп бейінді екенін айта кету керек. Бұл ақша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға, медициналық қызмет көрсету жүйесін дамыту, қызметін сапасын көтеру, кадрлық ресурстармен қамтамасыз ету, жоба басқару және коммуникациялық стратегиялардың мониторингіне жұмсалды. Айтылған қаражат тек коронавирус пандемиясымен күреске бағытталды. Ал Дүниежүзілік банк бөлген қаражаттың қалған бөлігі басқа институциялық реформаларға арналды. Бұған қоса, біздің ведомствоға бөлінген қаражаттың бір бөлігі осы жылға жоспарланды", - деді Цой.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі