Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лукашенко КСРО-ның ыдырауына кінәлілерді атады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Кеңес Одағының ыдырауына Ресейдің экс-президенті Борис Ельцин мен КСРО-ның бірінші президенті Михаил Горбачевті айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол Ельцин мен Горбачевтің жеке қайшылықтары мен билік үшін таластары бүкіл ел үшін кері әсерін тигізді, сондықтан одақ тарап кетті деген ойын жеткізді. 

"Сонымен қатар олар Кеңес Одағындағы жеке қатынастарды реттегісі келді, осының салдарынан ел жойылды. Бұл, әрине, өте қарапайым, бірақ маңыздылығы жоғары мәлімдеме", – деді саясаткер.

Лукашенконың айтуынша, Беловежская келісімі Одақтың сол кездегі басшылығының елді басқаруға "ақылсыздығы мен қабілетсіздігін" көрсетті.

1991 жылы 18-21 тамызда елде "тамыз төңкерісі" деп аталатын оқиғалар болды. Шенеуніктер мен мемлекеттік билік оны қастандық немесе мемлекеттік төңкеріс және билікті конституциялық емес басып алу деп санады. Сол кезде пайда болған ГКЧП РСФСР басшылығы: президент Борис Ельцин мен вице-президент Александр Руцкойға қарсылығын білдірді. Олардың шақыруымен мыңдаған адам Ақ үйдің алдына жиналды.

1991 жылдың желтоқсанында РСФСР, Украина және Беларусь КСР басшылары Беловежская келісімдерін жасады және олар ратификацияланғаннан кейін Кеңес Одағы өмір сүруін тоқтатты. 

Талқылау