Алдағы үш күнде Қазақстанда күн суып, жауын жауады
Еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының төмендеуіне себеп болған суық солтүстік-батыс антициклоны шығыс бағытқа ауысып, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстік аудандарында жердің беткі қабатында үсік пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме беріп.

"Еліміздің батыс өңірлерін, сондай-ақ оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарды қоспағанда, республиканың басым бөлігінде антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, мұнда атмосфералық фронттардың ықпалымен 2-3 қыркүйекте қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді.
Қазақстанда ең төменгі жалақы 60 мың теңгеге дейін көтерілмек
Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасының күндіз 25-30-ға дейін, республиканың оңтүстік жартысында 37 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі күтіледі. Тек еліміздің батысында жылу 17-25 градусқа дейін жылиды деп күтілуде", – делінген хабарламада.
Таразда жүкті әйелді жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен: Ол тергеу жүргізілмегеніне шағымданды
Тұрғын: "Істің неге тиісті деңгейде жылжымай тұрғаны түсініксіз"
Астанада бес баланың анасы қатерлі ісігінің асқынуына дәрігерлерді кінәлады
Дәрігерлер жатыр мен аналық бездерді түгел алып тастамақ