Алдағы күндері Қазақстанда аптап ыстық пен нөсер жауын күтіп тұр

Фото: pixabay.com
Қазгидромет мамандары алдағы күндерге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің мәліметінше алдағы күндері еліміздің кей аймақтарында аптап ыстық болса, кей аймақтарында нөсер жауын жүреді.
“Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдайды циклон айқындайды. Онымен бірге өткінші бұлтты, ашық ауа райы, жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-батыста, солтүстікте және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстікте – шаңды дауыл болуы мүмкін”, – делінген хабарламада.
Ауа температурасының жалпы фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді. Шығыста және оңтүстік-шығыста өте қатты аптап ыстық 42°С дейін сақталады.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды