Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақжарқынды Қазақстанға қайтаруға болады - бас прокуратура

Қытай елімен келісімге келген жағдайда сол жақта өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға әкелінуі мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді. 

«Бізде Қытай Халық Республикасымен құқықтық көмек көрсету, қылмыскерді ұстап беру және экстрадициялау бойынша келісім бар. Қазіргі таңда тарап (Ақжарқын Тұрлыбай) сот үкіміне шағым (яғни апелляция) беріп отыр. Егер сот үкімі шығып күшіне енсе, онда Ақжарқын Тұрлыбай осыдан кейін Қазақстанға өтініш бере алады. Бұл жағдайда ҚР мен ҚХР елдерінің Бас прокуратуралары Ақжарқынның жазасын Қазақстанда өтей алатындай бағытта жұмыс жүргіземіз», - деді бас прокурордың орынбасары.

Сөзінше, бұған дейін екі ел арасындағы сотталғандарды алмастыру тәжірибесі болған.

«ҚХР сотының түпкілікті шешімі шыққаннан кейін үкім заңды күшіне енуі тиіс. Осыдан соң біз ҚХР-мен өзара келісімге сәйкес қарым-қатынастар аясында жұмыс жүргіземіз. Жалпы халықаралық шарттарда бас тарту негіздері көрсетілген. Егер ол босқын немесе саяси себеп болса, онда одан бас тартуға болады. Ал егер санатқа жатпаса онда екі жақтың шешімімен елге қайтаруға толық мүмкіндік бар», - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаты істің қалай жүріп жатқанын айтқан болатын. 

Талқылау