Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбелік кәсіпкер жергілікті шенеуніктерді тонаумен айналысты деп айыптады

Ақтөбелік бизнесменнің балабақша үшін сатып алған ғимаратын шенеуніктер үптеп кеткен. Кәсіпкер Әсемгүл Балқыбаева ұрланған заттардың қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы мен сондағы қызметкердің үйінен табылғанын айтады, деп хабарлайды КТК.

images

Дегенмен бұл айыпты шенеунік жала деп отыр. Әйтсе де, балабақша ғимаратының жылу құбырын жұлып, есігінен бастап, еден төсенішіне дейін жымқырғандарды іздеу үшін әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылды.

Осыдан екі апта бұрын бүтін тұрған ғимараттың қазір бүлінбеген жері жоқ. Жылу құбырын жұлып, еденіндегі төсеніштен бастап, есігіне дейін қақыратып алған. Әсемгүл Балқыбаева мұны қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөліміндегілер істегеніне сенімді. Өйткені бұған дейін сол мекеме осында орналасқан еді. Кейін балабақша ашу үшін аукционнан ғимаратты ұтып алған кәсіпкерге босатып берген. Ал ішіндегі ұрланған заттар дырдай бөлім басшы мен сондағы қызметкердің үйінен табылыпты.

“Бөртебеваның Селмаштағы  үйінен ленолиум, есіктер  табылды. 5 миллион теңгеге шығын келді. Маған оның ақшасы да керек емес. Алған есік, батарея, ленолиумды қайтарсын. Төбені істеп берсін”, – дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны Әсемгүл Балқыбаева.

Қалалық әкімдіктің бөлім басшысы болса ұрлыққа еш қатысым жоқ деп азар да безер. Дегенмен, балабақша ғимаратынан көшерде оны кімге тапсырып кеткендерін айта алмайды.

“Менің үйімнен  ұрланған заттар табылды деген жалған әңгіме. Тергеу жүріп жатыр әлі. Ал мен өз құқығымды, абыройымды сақтау үшін сотқа беруге мәжбүр боламын”, – дейді Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту және әлемуеттік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нәйлә Бөртебаева.

Бұл ғимаратта мемлекет пен жеке кәсіпкер серіктестік арқылы балабақша ашуды жоспарлаған. Енді бүлінген жерін бүтіндеу үшін біраз уақыт керек. Өйткені кәсіпкер жөндеуге қосымша қаражаты жоқтығын айтады. Ал ішіндегі ұрланған заттарды іздеуге тек тәртіп сақшыларынан бөлек, әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылыпты. Олар жұмыспен қамту бөліміндегілердің осы ұрлыққа қатысы бар-жоғын анықтайтын болады.

Тағы да оқыңыз:
Талқылау