Ақтөбелік бала «Голос.Дети» байқауында қазылардың көңілін жаулады
14 жастағы қазақстандық Миржан Жидебай «Голос.Дети» байқауында Beyonce-тің әнін айтып шықты. Оған әнші Полина Гагарина мен Баста бұрылып қараған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жеткіншек шығармашылығына бұрыннан қызыққандықтан Полина Гагаринаны таңдаған.
"Мен оны таңдау себебім, әрдайым шығармашылығына тамсана қарайтынмын. Ол мені дұрыс бағытқа сілтеп, пайдалы кеңестер береді деп ойлаймын."
Әнші өз кезегінде баланың вокалдық қабілетін жоғары бағалаған.
"Менің әкем кәсіпкер, анам география пәнінің мұғалімі. Бос уақытымызды отбасымызбен бірге өтіземіз, кешке қарай ән айтамыз. Актер және әнші болуды армандаймын. Бос уақытта атқа мінгенді, волейбол ойнағанды ұнатамын",-деп өзі туралы айтып берген.
Ақтөбелік жас орындаушы өзіне қолдау білдіргендерге алғысын білдірді.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады