Ақтөбедегі зауытта болған жарылыс: Бір жұмысшы ауруханада көз жұмды
Ақтөбеде цехта болған жарылыстан зардап шегіп, ауруханаға түсікен қызметкер көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жарақат алған азамат түскен аурухананың бас дәрігері Сәкен Қапанов 32 жастағы жүргізушінің денесінің 60%-ы күйік шалғанын айтады. Ол облыстық жедел жәрдем ауруханасында бір аптаға жуық ем қабылдапты. Десек те ақ халаттылар жұмысшының өмірін сақтап қала алмаған.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбедегі хром зауытында апат орын алғаны айтылған еді. Оқыс оқиғадан сол мезетте төрт қызметкер қаза болған. Тағы екі ауыр жарақаттарымен ауруханаға жатқызылыпты. Бүгінгі күні қылмыстық іс қозғалып, бөлім мен цех басшылары қамауға алыған.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді