Ақтөбедегі цехта жарылыс орын алып, төрт адам қаза болды
Ақтөбе цехында оқыс оқиға салдарынан төрт адам мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"28 мамырда “Ақтөбе хром қосындылар зауыты” АҚ №4 цехында 50 текше бак ішіндегі тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік техникасының бұзылуы салдарынан төрт жұмысшы қаза тауып, екі адам ауыр жағдайда жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды", - делінген ресми хабарламада.
Аталған факті бойынша облыстық ПД ҚР қылмыстық кодексінің 156-бабы 4-бөлімі (абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан қауіпсіздік техникасын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Істің себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.
Оқиға орнында ПД, ТЖД қызметкерлері жұмыс атқарып жатыр.
Балалар құсып, іші өтіп жатыр: Қазақстанда инфекция таралып жатыр ма?
Мамандар әзірге ауру жаппай өршіді деуге негіз жоқ екенін айтады
"Шай құймаймын, бір рет те тамақ пісірмедім": Түрікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы енесімен қарым-қатынасы туралы айтты
Дина: “Күйеуім Алматыдан үй алуыма көмектесіп, ауырғанда жанымнан табылды”