Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен анасы мен ұлының мәйіті табылды
Ақтөбедегі пәтерлердің бірінен 2 адамның мәйіті табылды. Оның бірі анасы екіншісі 16 жастағы ұлы деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігі ақпаратына сүйенсек, оқиға таңға жуық тіркелген. Сағат 05:30 шамасында қаладағы үйлердің бірінен 2 адамның мәйіті табылғаны жайлы хабарлама түседі. Полиция қызметкерлері бірден жеткенде тағы кішкентай қыздың пышақ жарақатын алғанын байқаған.
“Келген жедел-тергеу тобы пәтерден 35 жастағы әйелдің және 16 жастағы ұлының зорлықпен өлім белгілері бар мәйіттерін тапты. Сонымен қатар қаза тапқан әйелдің 13 жасар қызы пышақ жарақатымен балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды”, - делінген полиция ақпаратында.
Іс бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігімен (кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған
