Ақтөбеде жұмыс таба алмаған жігіт өмірімен қош айтыспақ болды
Жас жігіт жұмыс таба алмағандықтан, өзіне қол жұмсамақ болған.

Бұл туралы Stan.kz Ақтөбе облысы ІІД-ге сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция қызметкерлері Ақтөбеде мұнараның төбесінен секірмек болған жігітті құтқарып қалды. Қызметкерлердің айтуынша, оқиға 1 маусым күні сағат 20:15 шамасында болған. Белгісіз біреу Қызылжар ауданындағы көп қабатты үйдің төбесіне шығып секіруге әрекет жасаған.
«Келіссөздерден» кейін жігіт райынан қайтты. Ол 28 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны екен. Өзінің әрекетін жұмыс таба алмауымен түсіндірді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар