Ақтөбеде жол апатынан кейін жүргізушіге көмектеспек болған ер адамды көлік қағып кетті
18 тамызда Ақтөбеде жол апатынан зардап шеккендерге көмектеспек болған ер адам көлік көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Полиция мәліметінше Ақтөбе–Родниковка тас жолымен келе жатқан Сhevrolet Lanos автокөлігі Ақшат ауылы маңында жолдан өтіп бара жатқан жылқыға соқтығысқан.
“Жол-көлік оқиғасынан кейін жүргізушіге көмек көрсету үшін екінші көліктің 46 жастағы жолаушысы жүгіріп келген. Осы кезде басқа Nissan Note Hybrid автокөлігінің жүргізушісі жолда жатқан жылқыға соғылып, қозғалыс бағытын өзгертіп, көмекке келген ер адамды қағып кеткен” , – делінген хабарламада.
Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан