Ақтөбеде удай мас қыз полицейдің қолын тістеп, бетін тырнады
Ақтөбеде ішімдікке сылқия тойып алған 26 жастағы қыз полицейдің қолын тістеп, бетін тырнап тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Диапазон» сайтына сілтеме жасап.

Бұл оқиға қаладағы «Капитал Бриг» ойын-сауық кешенінде болған.
Демалуға келушілер мас қызға шағымданып, полиция қызметкерін шақырған. Сержант полицейі ішімдік ішіп алған 26 жастағы әйелді ұстай бергенде қарсылық білдіріп, оның қолын тістеп алған. Ол ғана емес бетін тырнаған.
Бойжеткенге «Билік өкіліне қарсы күш қолдану» бойынша айып тағылды. Өзі де кінәсін мойындап, ендігіде тістемеуге уәде берген.
Полиция қызметкері болса, әйелге ешқандай шағымы жоқ екенін айтты. Айыпталушының тұрақты жұмысы жоқ және жалғызбасты ана екені анықталды. Сот оны бір жылға бас бостандығынан айырды.
Блогер Бота Мианың Қазақстан туын ат үстіне жабуы заң бұзу болып есептеле ме, ол үшін қандай жазаға тартылуы мүмкін
Блогердің видеосы қоғамда түрлі пікір туғызды
Қызметкерлердің құқығы күшейеді, грант иегерлерінің тізімі шығады: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
Әзірге бұл өзгеріс қарапайым азаматтарға әсер етпейді