Ақтөбеде төрт университетке "бомба қойылғаны" туралы ақпарат келіп түскен
Ақтөбе полиция департаментінің электронды поштасына қаладағы төрт университетке жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бомба қойылған" университеттер қатарында М. Оспанов атындағы медцина университеті, Қ. Жұбанов атындағы университет, Алматы экономика және статистика академиясының Ақтөбе институты, М. Бөкенбаев атындағы заң институты бар.
Төрт жоғарғы оқу орнына жедел қызмет мен саперлер тобы жіберілген. Ғимаратта жарылғыш заттың бар-жоғын анықтау бойынша жұмыстар ұйымдастырылған.
Студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер эвакуацияланған. Ғимараттардан жарылғыш зат табылған жоқ.
Қазір Қылмыстық кодекстің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша тергеу басталды. Аталған бап бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
"Киімдегі жалаңаш қыздар": Дене бітімін айқындайтын хиджаб үлгісі қазақстандықтардың сынына қалды
Имам: “Бұл қыздарды "дұрыс емес киініп жүрсің" деп кінәлауға болмайды”
Қазақстанда ерлі-зайыпты ажырасқанда ипотека мен қарыз қалай бөлінеді
Пәтер ипотеканы рәсімдеген адамның жеке меншігі болып саналады