Ақтөбеде төбелестен пышақ жарақатын алған студентке ота жасалды
Ақтөбеде жасөспірімдер арасындағы төбелесте жарақаттанған жігітке ота жасалды, деп жазады Қазақпарат.

Дәрігерлер науқас жігіттің жағдайына қатысты пікір білдірді.
“Студентті кеше кешкілік жедел жәрдеммен алып келді. 17 жастағы жасөспірім көшеде жарақат алған. Тиісті емдік шаралар жасалды. Ол өткір заттан зардап шеккен. Ішкі мүшелері зақымданған жоқ. Қолы мен кеудесінде жарақат ізі бар. Ота жасалып, жара таңылды”, – дейді облыстық балалар ауруханасы юас дәрігерінің орынбасары Сағидолла Досмағамбетов.
Дәрігерлер студенттің жарақаты жеңіл деп санайды.
Айта кетейік, Ақтөбеде жасөспірімдер арасында тағы төбелес болып, бір жігіт жарақаттанған еді.
26 қаңтарда мектеп оқушыларының төбелесі кезінде бір бала жарақаттанып, ауруханада көз жұмған еді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды