Ақтөбеде полицейлер шенеуніктерді сотқа берді
Ақтөбелік тәртіп сақшылары шенеуніктерді сотқа берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
КТК телеарнасының хабарлауынша, полицейлер Ақтөбе әкімдігі қызметкерлерін шұрық-тесік жолды дер уақытында жамамағаны үшін айыптап отыр. Онымен қоса жол бойындағы шұңқырға түсіп, көлігі бұзылғандар көбейген.
"Осы ақауларды, шұңқырларды орнына келтіруді ұйғарған. Алайда біздің берілген ұйғарым орындалмады. Сол себептен тұрғын үй-шаруашылық мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік іс қозғалып, қазір мамандандырылған әкімшілік соттың қарауына жіберілді", - деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің бөлім басшысы Еркін Өтеген.
Қар ери салысымен жолдағы ойықтар мен шұңқырларды бітеу әкімдіктегілердің міндеті. Жер кепкенше, заңға сәйкес қауіпсіздік үшін уақытша болса да жамауы керек.
Бірақ Ақтөбе қалалық автокөлік жолдары бөлім басшылары бұған басын қатырмапты. Соның кесерінен көптеген көлік шұңқырға түсіп бұзылған.
Соңғы айда бес көліктің жол апатына ұшырауына да сараптама осы сапасыз жолдың кесірі деген қортынды шығарған. Енді автокөлік жолдары бөлімінің басшылары әкімшік сотта жауап беретін болады. Кінәсі дәлелденсе, 1 млн 500 мың теңгеге дейін айыппұл төлейді.
Бірақ әкімдіктегілер тағылған айыппен келіспей отыр. Жер қараймай, шұңқырларды бітеу жұмысына кірісу
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты. Және де байқау қортындысы шыққан жоқ, мердігер мекеме биылға, 2021 жылға. Жұмыс істеу мүмкін емес болып тұр, яғни жарлықты орындау", - дейді Ақтөбе қаласы ТҮКШ және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы Новаи Әмірбек.