Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған баспана тұрғындары жылусыз отыр
Ақтөбеде мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер орналасқан шағын аудан тұрғындары пәтерлердің суықтығына шағымданды. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Пәтер иелерінің айтуынша, қыс мезгілінде үйдің жылыту жүйесі дұрыс істемейді екен. Қалада ауа райы күрт суытып кетті, түнде тіпті 30 градус аязға дейін температура төмендейді, ал пәтердегі ауа температурасы он үштен аспайды.
Кей тұрғындар пәтердің суығынан ас үйге түнеп, сәл де болсын жылыну үшін газ қосуға мәжбүр.
Шағын аудандағы көпқабатты үш үйдің тұрғындары тоңып отыр. Коммуналдық қызмет жылыту жүйесінде қандай ақау барын анықтап айта алмайды.
Жергілікті әкімдіктің пайымдауынша, үйдің суықтығына адамдардың өзі кінәлі. Пәтерлерді аралап шыққан шенеуніктер тұрғындарға жедел түрде жөндеу жүргізу қажеттігін айтты, сонда ғана үйлері жылынады.
Оқи отырыңыз:
Қазақстанда қорылдан арылтатын ота жасалады
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады