Ақтөбеде мектеп оқушысы мотоциклмен аударылып, көз жұмды
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан 9-сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жасөспірімдер жазда мотоцикл, квадроцикл, скутер мен мопед айдап, жол-көлік оқиғасына тап болып жатады. Кәмелет жасқа толмаған балалар жол ережесін жете білмейді, кейде мән бермейді. Салдары қайғылы оқиғаға душар етуі мүмкін.
"Шалқар ауданы, Базой ауылының 15 жастағы тұрғыны "Иж Планета–5" маркалы мотоциклді айдаған. Ол басына арнайы баскиім кимеген. Базой ауылынан 3 шақырым ұзап, рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан аударылып, дене жарақатымен ауылдағы емхананаға түсті. Ол сол жерде көз жұмды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған