Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде коронавирусқа шалдыққандарды емдейтін аурухана жылусыз қалды

Ақтөбедегі вирус жұқтырғандар ем алып жатқан аурухана жылусыз қалды. Қазір палаталар мен дәрігерлер отыратын бөлмелерде қосымша жылытқыш құрылғылар қосылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе

Аурухананың бас дәрігері жылудың жоқтығын айтып облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыс әкіміне хат жазған. Алайда жауап ала алмағанын айтады.

"Менің және жұмысшылар отыратын бөлмеде қосымша жылыту құрылғылары бар. Бірақ оларды күндіз-түні бақылап отыру қажет. Сондықтан бізге қауіпсіз жылу керек. Мұнда екі корпуста 400 науқас бар. Жансақтау бөлімінде де ем алып жатқандар бар", – деп мәлімдеді облыстық аурухананың бас дәрігері Ерлан Тәтімов. 

Мекеме бастапқыда тек туберкулезге шалдыққандарды емдеген. Коронавирустың өршуіне байланысты аурухана инфекциялық стационарға айналған. Мұндағы пациенттердің басым бөлігі коронавирусқа шалдыққандар екен. 

Мамандардың айтуынша, аурухана бұрын автономдық жылыту жүйесімен жылытылған. Бірақ кейін орталық жылу жүйесіне қосылыпты. 

Жылу беру мекемесі ауруханаға жылу жеткізетін трассаның күрделі жөндеуді қажет ететінін мәлімдеген. Бұл үшін арнайы тендер де жарияланған. Бірақ құбыр бағасының күннен-күнге көтерілуіне байланысты тендерді жеңген компания келісімшарттан бас тартқан. Сондықтан жылу беру мекемесі жөндеу жұмыстарын амалсыз өз мойындарына алғанын айтады. 

Талқылау