Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қатты жауын салдарынан оқушылар қашықтан оқуға көшті

Ақтөбеде толассыз жауған жаңбыр мен желдің кесерінен бірнеше мектеп оқушыларын қашықтан оқытып жатыр. Қала шетіндегі Бекқұл баба ауылында автобус жүрмей, балалардың білім ошағына келмеуіне рұқсат берілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

“Бекқұл баба 1 және 2 тұрғындар алабынан қатынайтын балалар қашықтан оқуға көшірілді. Таңғы уақытта нөмірі үшінші орта мектепте электр жарығы өшуіне байланысты қашықтан оқуға рұқсат берілді”, – дейді Ақтөбе қаласы білім бөлімі басшысының орынбасары Гүлназ Мырзағалиева.

Қаланың қақ ортасындағы мектептің электр сымы қатты желден үзілген. Онлайн оқу туралы естімей қалған кейбір оқушылар мектепке келіп жатыр. Оларды кері қайтармай оқытуда.

Ақтөбеде ақ жаңбырдың басталғанына үш күннен асты. Толассыз жауған жауыннан көше бойына су жиналып, көлік қозғалысына кедергі келтірді. Су сорғызуға жүзден аса техника тартылған. Ал кейбір көпқабатты үйлер мен ірі супермаркеттердің төбесі тамшыға шыдамай тесіліп, су сорғалап ағып тұр. Мұны тұрғындар сапасыз құрылыс жүргізген компаниялардан көреді. Синоптиктер аймақта жауын әзір тоқтамайды деп болжайды. Тек апта соңында ғана күн ашылады деп отыр.

Талқылау