Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қала жастары зорлық-зомбылыққа қарсы іс-шара ұйымдастырды

30 қараша күні Ақтөбе жастары орталығының ұйымдастаруымен қала жастары арасында "Мықты отбасы - мықты мемлекет" жобасы аясында  "Зорлық зомбылықсыз 16 күн" Республикалық акциясын қолдауға бағытталған кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту, отбасы құндылықтарын жастарға насихаттау.

"Зорлық-зомбылықсыз 16 күн" әлеуметтік акциясы - әйелдерге қатысты зорлық - зомбылықты жоюдың халықаралық күні - 25 қарашада басталатын және 10 желтоқсан - Адам құқықтары күніне дейін жалғасатын жыл сайынғы халықаралық науқан.

Бұл күнді 1999 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы ресми түрде жариялады және атаулы күн әлемнің 100-ден астам елінде қолдау тапқан.

Кездесуді бастаған орталық басшысы Нұрсұлтан Қожабеков жастарға спикерлерді таныстырып, кездесудің мәні мен маңызын атап өтті.

Спикерлер:

  • Ақтөбе қаласы Астана ауданы Аналар кеңесінің мүшесі - Джукетаева Ақгүл Райымбекқызы;
  • "Дәріс-2016" қоғамдық қорының атқарушы директоры - Идигеева Гульнур Ергазиевна;
  • Ақтөбе қаласы полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция капитаны - Тукешова Айымгуль Серикбаевна

Шарада қала жастарына отбасындағы дұрыс тәрбиеге атсалысу, қоғаммен жақсы қарым-қатынаста болу, құрметтеу, өз өміріне, жақындарына жауаптылықпен қарауды жете түсіндірді.

Талқылау